«Өлеңім, мұңдасым ең, сырымды аштың ...» поэзия кеші. М. Іңірбаев 70 жаста.
16 қыркүйек күні облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың шығармашылығына арналған «Өлеңім, мұңдасым ең, сырымды аштың ...» атты поэзия кеші өтті. Кешті Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Сармурзина Пәния Оңалбайқызы ашты. Поэзия кешіне қала, аудан мектептері белсене қатысты. Атап айтсақ: ІТ мектеп-лицей оқушылары, №19 мектеп-гимназия оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 орта мектеп оқушылары, Мұнайлы ауданы, №2 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, Болашақ колледжінің студенттері. Кеште ақынның «Шабыт», «Бетпе-бет», «Ақын», «Рухың асқақ, туған ел!», «Күз суреті», т.с.с. өлеңдері оқылды. Кеш соңында «Дәуірім, қуанышым, қайғым да - сен...» атты көрме таныстырылып, ақын өз қолынан белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға мекеме атынан алғыс хаттар берілді. Бұл шараға М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы және өнер колледжінің студенттері де өз үлесін қосты.
✅Шараның мақсаты: Өлке ақын-жазушыларының өмір жолы мен шығармаларымен танысу.Туған жерін сүюге тәрбиелеу. #поэзиякеші #өлкетану #маңғыстау #ақын
Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан наурыз. Жеті түрлі дән салып, Дәм татқызған наурыз. Жақсылық тілеп ...
· 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсанында кітапханада «Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр-көктем» атты дөңгелек ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімі,"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында ұлт көсемі Ахмет ...
25 желтоқсан күні облыстық кітапханада психолог Жанна Нұрбаеваның ,,Дневник моей трансформации" атты кітабының тұсау кесері өтті. ...
Тағы бір жаңа кітаптың тұсаукесері өтті! Бүгін облыстық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ақын, жазушы, журналист, Халықаралық ...
13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Маңғыстау ақын-жазушыларының қатысуымен "Кітап –ұлттың қазынасы" ...
10 желтоқсан күні кітапханамызда Өнер бөлімі тарапынан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Жас суретші көзімен – болашаққа бастау» атты сурет ...
6 желтоқсан күні кітапханамызда "Ашық кітапхана" атты облыстық жас маман кітапханашылар арасында семинар-тренинг өтті. Мақсаты: озық ойлы ...
6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтің туған күні. Тірі болғанда әдебиет алыбы 82 жасқа толар еді. 3 ...