• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Афиша

Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу - абыройсыздық.


Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу - абыройсыздық.

Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретін апат.

Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігіне есте сақтаңыз.

Ешқандай жеке мүдде қоғам мүддесінен жоғары емес.

Мемлекеттік қызмет – бұл абырой мен артықшылық ғана емес, қоғамның болашағы үшін жауапкершілік.

Әрбір сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамға соққы. Бұған жол бермеңіз, адал әрі парасатты болайық.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою.

Адалдық және парасаттылық – әр мемлекеттік қызметшіге тән болуға негізгі қасиет.

Елімізге Сіздің жанқиярлығыңыз бен адалдығыңыз қажет. Қоғамымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықпен күресіңіз.

Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің қоғамға төнген қауіп қана емес, әдемі әлемде өмір сүруге міндетті болашақ ұрпақ үшін жоғары қауіп-қатер.

Сыбайлас жемқорлықты қөре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін
(14 млн теңгеге дейін) ақшалай көтермелеу көзделген - call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мемлекет қаражатын жымқыру – жазаланбай қалмайтын қылмыс.

Игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және басқа да қызметтер) заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ұмытпаңыз.

Сыбайлас жемқорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен күрес – бұл қоғамдағы әділдік пен теңдік үшін күрес. Осындай құқық бұзушылықтар үшін әркім бұлтартпас жазаға тартылады.

Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Пара алу, беру және парақорлықтағы делдалдық – ҚЫЛМЫС.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады.

Ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар мен өзге де қызметтерді алу – заңсыз игіліктерге жатады.

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Білікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

 



Ақын, ғалым Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына арналған көрмесін тамашалауға шақырамыз! ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді кітапхана шараларына белсене қатысуға шақырамыз! ...

Жаңалыққа өту  

https://cloud.mail.ru/public/29uM/3DQZ9Kupy  ...

Жаңалыққа өту  

Steppe & World баспасы 2018 жылдан бері қазақ тілінде балаларға және ересектерге арналған кітаптар шығарумен айналысып келеді.  ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы өлкелік "Бір өлке - бір тұлға" акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына орай кітап көрмелер, ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу - абыройсыздық. Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу